Павлодар облысында ер адам өзін-өзі өртеп жіберді

652

13 адам зардап шекті, арасында балалар да бар.

Павлодар облысында ер адам өзін-өзі өртеп жіберді

Облыстық "Жедел медициналық жәрдем" станциясының баспасөз қызметі берген ақпаратқа сүйенсек, 50 жастағы үй иесі келген қонақтардың бәрі дастарханға жайғасқан соң, бензин толы 5 литрлік ыдысты алып келген. Содан кейін балаларды алып кетуді сұраған, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.

"Осыдан кейін ер адам сіріңкені алып, өзін өртеп жіберген. Оны тоқтатпақ болғандар да күйіп, Ақсудың орталық ауруханасына жатқызылған", – деді баспасөз қызметінен. ­

Өртенген адам қайтыс болды, 13 адам зардап шегіп, оның ішінде төрт бала да жансақтау бөліміне жеткізілген. Балалар мен 5 ересек адам иіс тиіп, уланған.

Үш бөлмелі үйде жиһаз, тұрмыстық техника, басқа да заттар түгел өртеніп кеткен. Өрт шатырды да шарпыған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу