Павлодар облысында ер адам таудан құлап, аяғын сындырып алды

409

Көмекке мұқтаж ер адамды байқаған демалушылар құтқарушыларға хабарласқан.

Павлодар облысында ер адам таудан құлап, аяғын сындырып алды Фото: shutterstock

Павлодар облысында ер адам таудан құлап, аяғын сындырып алды. Бұл туралы Павлодар облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

Департаменттің хабарлауынша, 20 маусым күні сағат 21:36-да Жасыбай демалыс аймағында тауда ер адамның аяғын сындырып, түсе алмай қалғаны туралы хабарлама келген.

“Оқиға орнына альпинистік жабдықтары бар 5 құтқарушы мен 1 техника, кинолог шықты. Құтқарушылар ес-түссіз жатқан адамды анықтады. Ол таудан, биіктіктен құлаған”, – делінген хабарламада. 

Ер адамның миы шайқалып, іші жарақат алды.

Құтқарушылар, жедел әрекет ету арнайы жасағының қызметкерлері мен жол-патрульдік қызметінің учаскелік инспекторлары мамандандырылған зембілдерді пайдалану арқылы ер адамды 200 метр биіктіктен жерге түсірді. Одан кейін зардап шегушіні жедел жәрдем қызметіне тапсырды.

1958 жылы туған ер адам Баянауылдағы орталық ауруханаға жеткізілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу