Павлодар облысында Ертіс өзені арқылы өтетін жеті мұз өткелі ашылды

1714

Павлодар облысында Ертіс өзені арқылы өтетін жеті мұз өткелі ашылды

Павлодар облысында Ертіс өзені арқылы өтетін жеті мұз өткелі ресми түрде жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы агенттікке облыстық ТЖД төтенше жағдайларды жою бөлімінің бастығы Сергей Чернов айтты.

"Мұндай өткелдер Качир ауданында - Тереңкөл, Береговое және Песчаное ауылдарында, Павлодар ауданында – Жаңа қала, Набережное ауылдарында, Май ауданында – Баскөл және Көктөбе ауылдарында  іске қосылған.  Ауыл тұрғындары дайындалған шөп пен отынды қысқы жолдар арқылы тасымалдайды.  Бүгінде өзендегі мұздың қалыңдығы 45-50 см-ді құрайды.  Бұл көлік қозғалысы үшін жеткілікті, дегенмен қауіпсіздік шараларын сақтау қажет. Оларды күтіп ұстауға шаруа қожалықтары жауапты.  Өткелдердің жүк көтеру мүмкіндігі  5-7 тоннаны құрайды", - дейді Сергей Чернов.

Маманның айтуынша, биылғы қыста ауа райына байланысты мұз өткелдері кеш ашылған. Себебі, өткен жылдармен салыстырғанда күн жылы болып, судың бетіндегі мұздың қалыңдығы нормаға сай келмеген.  

Ертіс өзені бойынша  құтқару жасақтары рейд жүргізу барысында рұқсат етілмеген төрт өткелді анықтаған. Бұл - Ақсу қаласында Белая ағысы бойынша Еңбек ауылы, Железин ауданында Старица және Ертіс өзендері арқылы өтетін Железин және Пятирыжск ауылдары, Ақтоғай  және Качир  аудандары.  Барлық учаскелерде "Қауіпті аймақ" және "Абай болыңыз, жұқа мұз!" тыйым салу   белгілері қойылған.  Ережені бұзу фактілері анқыталған жағдайда ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 412-бабы   -  "су айдындарында ережені сақтамау немесе бұзу" бойынша 7 АЕК  көлемінде айыппұл салынады.

"Мұздың қалыңдығына қарамастан, өткелдерден өткен кезде абай болған жөн. Көліктің есіктерін қозғалған кезде ашып қоюға, қауіпсіздік белдігін босатуға кеңес беріледі. Сондай-ақ, көліктегі жолаушылардың жаяу жүріп өткені жөн.  Мәселен,  жуырда Качир ауданында шамадан тыс жүк артып алған жүк көлігі мұздың астына түсіп кеткен. Абырой болғанда, ешкім зардап шекпеді", - дейді Сергей Чернов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу