Павлодар облысында есірткі жеткізушіден ірі көлемде "синтетик" тәркіленді

811

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, күдікті Павлодар қаласының УҰИ-на қамалды. 

Павлодар облысында есірткі жеткізушіден ірі көлемде "синтетик" тәркіленді

Павлодар облысында ірі есірткі жеткізушіден 100 миллион теңгенің "синтетигі" тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz-ке сілтеме жасап inbusiness.kz .  

Павлодар қаласында Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел қызметкерлері ауқымды операция жүргізіп, нәтижесінде Павлодар қаласында орналасқан жасырын орнынан алынған бір келіден астам синтетикалық есірткі заттарын өткізу әрекеті кезінде есірткі курьері ұсталды.

"Ұсталған азамат еліміздің оңтүстік өңірінің 24 жастағы тұрғыны, Павлодар облысындағы ірі есірткі құралдарын жеткізушілердің бірі болып шықты", – деді Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов.


 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу