Павлодар облысында ғарыштан бақылау арқылы 13 өрт сөндірілген

902

Павлодар облысында ғарыштан бақылау арқылы 13 өрт сөндірілген

Биыл Павлодар облысында ғарыштан бақылау арқылы 13 өрт сөндірілген. Бұл туралы pavlodarnews.kz хабарлайды.

Павлодар облысы ТЖ департаменті өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының бастығы Серік Ысқақов өртті ғарыштан бақылау арқылы сөндіру тиімді дейді.

- Табиғи өртті анықтау мақсатында ғарыштан бақылау қызметін ұсыну бойынша департамент пен "Қазақстан ғарыш сапары" ҰК АҚ 3 миллион 270 мың теңгеге келісімшартқа қол қойған болатын. Нәтижесінде 13 өрт анықталып, дер кезінде ауыздықталды. Жалпы, биыл өңірде  өрт қауіпі бар кезең басталғаннан бері 86 өрт тіркелген. Өткен жылмен салыстырсақ, бұл көрсеткіштің (131 өрт) 34 пайызға төмендегені байқалады. Тілсіз жаудың салдарынан келтірілген материалдық шығын көлемі 4 миллион 580 мың теңгені құрады, деп хабарлады басқарма бастығы.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу