Павлодар облысында газ жарылып, екі бала көз жұмды

935

Павлодар облысында газ жарылып, екі бала көз жұмды

Павлодар облысы Шарбақты ауданында газдың жарылуынан екі бала көз жұмды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі мәлім еткендей, оқиға кеше сағат 17.00-де орын алған. Жер үйде газ баллоны жарылып, қызыл жалын үйдің ішін шарпыған. Салдарынан төрт адам ауруханаға жеткізілді. Олардың арасында екі бала бар. Үш сағаттан соң дәрігерлер бір жастағы бүлдіршіннің көз жұмғанын, бүгін сағат 6.15-те 10 жасар бала да жан тапсырғанын  хабарлады. Сонымен қатар, 43 жастағы ер адам мен 39 жастағы әйелдің жағдайы ауыр.     

"Қазіргі уақытта олар жансақтау бөлімінде жатыр. Екеуінің де денесін  90 пайызға дейін күйік шалған. Кеше облыс орталығынан әуеавиациясымен келген реаниматолог, анестезиолог дәрігерлері  олардың өмірін сақтап қалуға тырысуда", – деді Шарбақты аудандық аурухананың бас дәрігері Бақыт Қасымова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу