Павлодар облысында халықаралық іздеуде жүрген алаяқ ұсталды

421

Күдікті алаяқтық жасағаны үшін сотталған. Алайда жазасын өтеуден жалтарып, қашып жүрген.  

Павлодар облысында халықаралық іздеуде жүрген алаяқ ұсталды Фото: pavlodarnews.kz

27 жастағы ер азамат биыл қыркүйек айында бір жылға бас бостандығынан айырылған, деп жазады inbusiness.kz Павлодар облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.

"Сотталушыны Петропавл қалалық соты ҚР ҚК 190-бабы 1-бөлігі (алаяқтық) бойынша бір жылға бас бостандығын шектеу бойынша үкім шығарған. Сот үкімінен кейін ол өзінің тұрғылықты жері бойынша яғни Қонаев қаласына барып, пробация қызметінің бақылауында болуы керек болған. Алайда, көп ұзамай ол қашып кеткен. Қонаев қаласының соты ер адамға мемлекетаралық іздеу жариялаған", - деді Павлодар облысы Ертіс ауданы полиция бөлімі бастығының орынбасары Марат Баймұрынов.

Бағдар алғаннан кейін Ертіс ауданының жедел уәкілдері іздеудегі адамның бұрынғы байланыстарының арқасында іздеуге кіріскен. Көп кешікпей мекен-жайлардың бірінде ұқсас адамды ұстаған. Тексеру кезінде іздеуші өзінің жеке басын жасыруға тырысып, басқа деректерді атаған. Бірақ бағдарланған фотосуретпен салыстырған кезде оның тұлғасы расталды.

Іздеуде жүрген адам уақытша ұстау изоляторына қамалып, іздеу салған мекемеге хабарлама жіберілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу