Павлодар облысында интернет алаяқтыққа қатысты 228 қылмыстық іс қозғалды

756

Басым бөлігі "Пәтерді жалға беремін" деп алдайды. 

Павлодар облысында интернет алаяқтыққа қатысты 228 қылмыстық іс қозғалды

Жыл басынан бері 228 адам интернет арқылы тұрғындарды алдап, сол арқылы табыс таппақ болған, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Павлодар облысының полиция департаментінің дерегінше, жаһандық желіде жиі кездесетін алаяқтық түрі – пәтерді жалға түрі. Киберқылмыспен күрес бөлімі екі айдан астам уақыт аралығында 135 істі сотқа жолдады.

Әдетте алаяқтықтың мұндай түрімен айналысатындар әлеуметтік желілерде бірнеше жалған аккаунт ашып, пәтерді тапсыратыны туралы хабарлама жариялайды. Өздерін үйдің иесімін деп таныстыратын олар баспананың фотоларын жүктеп, тиімді баға ұсынады. Ал жалға алар баспана іздеп, сандалып жүрген тұрғындар хабарласқанда ай сайынғы ақының жартысын не бір бөлігін беруді талап етеді. Ақшасын алған соң үшті-күйлі жоғалады. Сол кезде ғана тұрғындар алаяққа алданғанын түсінеді. Бүгінде облытсың ондаған тұрғыны осындай қитұрқы әрекеттерден опық жеді. Сондықтан полиция қызметкерлері пәтерді жалға берушілердің құжаттарын талап етіп, тексеруді әрі алдын-ала қомақты сома бермеуді сұрайды.

Ажар Дәулетова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу