Павлодар облысының Успен ауданында "БИК" ШҚ инвестиция сомасы 3,1 млрд теңгеге 20 жаңа жұмыс орнын құратын 500 басқа арналған сүт-тауар фермасын салу жобасын іске асыруда. Бұл туралы inbusiness.kz сайты Павлодар облыстық прокуратурасына сілтеме жасап хабарлайды.
Осыған байланысты, аудан прокуратурасы уәкілетті мемлекеттік органдардың қатысуымен ведомствоаралық кеңес ұйымдастырып, онда инвесторға несие алу және қажетті құжаттарды жинау мәселелері бойынша жәрдем көрсетті.
"Нәтижесінде, шаруа қожалығына 500 миллион теңге сомасында кредиттік қаражат берілді (бірінші транш). Осы ақшаға инвестор Ресейден және Еуропа елдерінен қажетті құрылыс материалдарын сатып алуды жоспарлап отыр", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, осы ақшаға инвестор Ресейден және Еуропа елдерінен қажетті құрылыс материалдарын сатып алуды жоспарлап отыр.
Сондай-ақ, нысандағы жұмыстар жалғасуда.