Павлодар облысында ірі есірткі зертханасы жойылды

344

Цех аумағы 0,5 гектар аумақты қамтиды.

Павлодар облысында ірі есірткі зертханасы жойылды Фото: ҰҚК

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 30 шілдеде күні Павлодар облысы аумағында синтетикалық есірткінің ірі жасырын өндірісін жою бойынша операцияны жүзеге асырды, деп хабарлайды  inbusiness.kz ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҰҚК жедел қызметкерлері зерделеу барысында психотроптық заттарды әзірлеу үшін және оны одан әрі ТМД елдерінде сату мақсатымен Қазақстанға келген шетелдік азаматтарды анықтады.

Тінту барысында 100 келіге жуық "а-PVP" психотроптық заты, прекурсорлар, сонымен қатар синтетикалық есірткі өндірісіне арналған заманауи құрылығы табылып, тәркіленді. 

ҚР Қылмыстық кодексі 297-бабының 3-бөлігі бойынша тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу