Павлодар өңіріндегі сауда орталықтарында қант бағасының төмендеуі байқалды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Облыстық статистика департаменті ұсынған мәліметтерге сүйенсек, аймақта 2017 жылғы желтоқсан айында тұтыну бағаларының индексі 100,4%-ды, азық-түлік тауарларының бағасы 100,3%-ды, ақылы қызметтер 100%-ды және азық-түлік емес тауарлары 100,8%-ды құрады.
"Азық-түлік тауарлары бойынша жұмыртқа бағасы 0,9%-ға, көкөністер – 3,4%-ға өсті. Ал, қант бағасы 4,7%-ға төмендеді", - дейді мамандар.
Сонымен қатар, жанар-жағармай материалдарының бағасы 0,9%-ға төмендеді. Ақылы қызметтер бойынша көлік қызметінің бағасы 7,5%-ға артқан. Оның ішінде ішкі қалалық қатынастарда автобуспен жол жүру 14,3%-ға өсті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу