Павлодар облысында қар тоқтату жұмыстары жалғасып жатыр

1523

Павлодар облысында қар тоқтату жұмыстары жалғасып жатыр

Павлодар облысының шаруалары жауын-шашын көлемінің аздығына байланысты ылғал жинау жұмыстарына кеш кірісті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы агенттік тілшісіне облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы өсімдік және механикаландыру бөлімінің бас маманы Байболат Рахымжанов айтты.

"Биылғы жылы 410 мың 500 гектар алқапқа қар тоқтату жоспарланған, бүгінгі таңда 89 мың 400 гектар аумақта жұмыстар жүргізілді", – деді Байболат Рахымжанов.

"Биыл жаңа жылға дейін  жауын-шашын көлемі өткен жылға қарағанда аз болды, сондықтан облыстың дәнді дақылдармен айналысатын негізгі шаруашылықтары қаңтар айының 10-жұлдызынан жұмысқа кірісті. Бүгінгі күні шарбақтылық дихандар 16 мың гектар, Ертіс және Качир аудандарының шаруалары 15 мыңнан астам гектар, успендік шаруалар 10 мың гектар жерге ылғал тоқтатты.  Егіс алқаптарында 50-ден астам агрегат жұмыс істеуде. Маманның сөзіне қарағанда, ылғал жеткілікті болу үшін  40 см шамасында қар түсу керек". 

Қазіргі таңда қардың орташа қалыңдығы 17 см шамасында. Масағы ғана жиналып, сабағы қалған егістіктердегі қардың қалыңдығы 30 см-ге  дейін.  Бұл шамамен 45-50 мың гектар жер.

"Шаруаларға жазда түсетін жауын-шашынға сенім артуға болмайды. Күзде және қыста қамданып, барынша ылғал жинап қалу керек. Негізінде екі рет із салып, қар тоқтатамыз. Бірінші ізді салу басталды. Ауа райы жағдайына байланысты жұмыс науырыздың ортасына дейін жалғасуы мүмін. Ылғалды техникалық әдіспен тоқтатпасақ, түскен қарды толық жел ұшырып әкетеді", – дейді Байболат Рахымжанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу