Павлодар облысында карантин күшейтілді

715

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Батырбек Әлиев өңірде карантин күшейтілетінін мәлім етті, деп  хабарлайды inbusiness.kz Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Павлодар облысында карантин күшейтілді

Департамент басшысы атап өткендей, мұндай шешім коронавируспен сырқаттану жағдайларының жалғасуына және жалпы елдегі эпиджағдайдың нашарлауы себеп болды.

"Сол себепті Павлодар облысының бас санитарлық дәрігерінің №16 қаулысы жарияланды. Ол ертеңнен бастап күшіне енеді", - деді Батырбек Әлиев.

Айталық, ертеңнен бастап "Ashyq" жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда, облысаралық, облысішілік, қалааралық (Павлодар-Ақсу, Павлодар-Кемеңгер, Павлодар-Заңғар бағыттарын қоспағанда), ауданаралық автобус, шағын автобус жолаушылар тасымалы, облысаралық, қалааралық тұрақты емес "туристік" тасымалы тоқтатылады.

Оған қоса, балалар ойын-сауық орталықтарының (ойын алаңдары, жабық үй-жайлардағы аттракциондар), мәдениет объектілерінің, театрлардың, кинотеатрлардың, концерт залдарының, спорттық іс-шаралар өткізуге тыйым салынады.

Демалыс күндері сауда үйлері, қалалық автобустардың жұмысы тоқтатылады. 

Жұмыс күндері "Ashyq" жобасына қатысатын қоғамдық тамақтану орындары мен фудкорттардың қызметі 20:00-ге дейін, қатыспайтындардың жұмысы 18:00-ге дейін шектеледі. Ал демалыс күндері мұндай нысандар жұмыс істемейтін болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу