Павлодар облысында карантин талабы күшейді

654

4 шілдеде өңір "қызыл аймаққа" өтті. 

Павлодар облысында карантин талабы күшейді

Павлодар облысында карантин талабы күшейді, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Павлодар облысы бас санитар дәрігерінің 4 шілдедегі қаулысы қол қойылған күнінен бастап, күшіне енді. 

COVID-19 коронавируспен сырқаттану жағдайларының жалғасуына және елдегі эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына байланысты ведомствоаралық комиссияның отырысында шектеу шараларын қатаңдату туралы шешім қабылданды. 

Қаулыға сәйкес төмендегідей өзгерістер енгізілді:

- облысаралық, облысішілік, қалааралық, ауданаралық автобус, шағын автобус жолаушылар тасымалдарына (Павлодар-Ақсу, Павлодар-Кемеңгер, Павлодар-Заңғар бағыттарын қоспағанда);

- мәдениет объектілерінің (дайындықтар), театрлардың, кинотеатрлардың, концерт залдарының қызметіне, спорттық іс-шаралар өткізуге;

- еске алу іс-шарасын өткізуге, банкет залдарының қызметіне;

- күндізгі режимде кеңестер (отырыстар) өткізуге;

- демалыс күні азық-түлік жәрмеңкелерінің жұмысын ұйымдастыруға;

- бильярд, компьютерлік клубтардың, боулингтердің, балалардың ойын-сауық орталықтарының жұмысына тыйым салынады.

Жұмыс тәртібі бойынша шектеулер:

- мектепке дейінгі балалар мекемелерінің кезекші топтарында балалар саны 25-тен аспауы керек.

- діни объектілер жұмысын жалғастыра береді, алайда жабық үй-жайларда ұжымдық іс-шаралар өткізбейді;

- қызметкерлердің 80% қашықтан жұмыс істеу режим істеуі керек.

- қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмыс уақытын сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін, толымдылығы 50%-ға дейін, адам саны 30-дан аспауы тиіс, асхана типі бойынша объектілер – сағат 24.00-ге дейін; туризм объектілерінің, халықтың тұрғылықты жері бойынша қызмет көрсету саласындағы ұйымдардың қызметі 80%-дан артық болмауы тиіс;

- түзету кабинеттері, балалар және ересектерге арналған білім беру орталықтарында адам саны 15-тен  аспауы тиіс.

Сенбі және жексенбі күндері сауналар, СПА-орталықтар, бассейндер, спорт нысандары, жабық базарлар, СОО, сауда үйлері, сауда желілері (азық-түлік тауарларын сататын объектілерді, дәріханаларды, сұлулық салондарын, сабын-жуу тауарларын, гигиена құралдарын, зоотоварларды, білім беру үйірмелерін, вакцинация пункттерін, сондай-ақ "Ashyq" жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда жұмыс істемейді.

 
 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу