Павлодар облысында Қарасор теміржол вокзалы жаңғыртудан кейін ашылды

435

Реконструкциядан өткен вокзал заманауи талаптарға сай жабдықталып, жолаушыларға қолайлы жағдай жасалды.  

Павлодар облысында Қарасор теміржол вокзалы жаңғыртудан кейін ашылды Фото: gov.kz

Павлодар облысындағы Қарасор станциясының теміржол вокзалы күрделі реконструкциядан кейін пайдалануға берілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жаңартылған нысан қауіпсіздік, жайлылық және қолжетімділік бойынша заманауи талаптарға сәйкестендірілді.

1988 жылы салынған вокзалда жөндеу барысында шатыр мен қасбет жаңартылып, ішкі бөлмелер толық жөнделді. Сондай-ақ сумен жабдықтау, кәріз, жылу және электрмен қамту жүйелері толық жаңғыртылып, жолаушылар платформасы мен вокзал маңы абаттандырылды.

Реконструкция кезінде барлық санаттағы жолаушыларға қолайлы жағдай жасауға басымдық берілді. Ғимаратта заманауи желдету және өрт қауіпсіздігі жүйелері орнатылып, пандустар, тактильді бағыттау элементтері және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған арнайы күту бөлмесі жабдықталды. Сонымен қатар жайлы күту залдары пайдалануға берілді.

Қарасор теміржол вокзалы 3-санатқа жатады. Станция арқылы Астана, Павлодар, Көкшетау, Шымкент және Түркістан бағыттарына қатынайтын төрт жолаушылар пойызы жүреді.

Вокзалды жаңғырту жұмыстары Қазақстанның теміржол инфрақұрылымын жаңарту бағдарламасы аясында жүргізілді. Жаңартылған нысан өңір тұрғындары мен жолаушыларға сапалы әрі қолайлы қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу