Павлодар облысында қарт әжей 6 күннен бері іздестірілуде

300

Зейнеткер 4 қарашада үйінен шығып кеткен.

Павлодар облысында қарт әжей 6 күннен бері іздестірілуде Фото: polisia.kz

Павлодар облысы алты күн бойы амнезиямен ауыратын қарт әйелді іздеуде, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Костынюк Надежда 1949 жылы туған.  Ол 4 қарашада үйден шыққан және оның қай жерде екені әлі белгісіз. 

Әйел амнезиямен ауырады, мезгіл-мезгіл есте сақтау қабілетін жоғалтады, бұрын үйден кетіп қалған, бірақ табылған. 

4 қарашадан бастап полиция қызметкерлерінен басқа іздестіру іс-шараларына ТЖ қызметкерлері, кинологиялық қызмет, "Vita" еріктілері және бей-жай қарамайтын ауыл тұрғындары жұмылдырылды. Іздеу үшін ұшу аппараттары (дрондар) мен тікұшақ қолданылуда, - деді Павлодар облысы Успен ауданы полиция бөлімінің бастығы Асқар Аралбаев. 

Бұл аймақта Ресейге апаратын жолдар жақын, сондықтан полицейлер әйелдің Павлодар облысынан тыс жерлерге шығуы мүмкін деп ойлайды. 

Әйелдің киімі: сары күрте, басында қызыл түсті тоқылған қалпақ, резеңке галош. 

"Жоғалған Костынюк Надежда Ивановнаның орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат білген адамның барлығын полицияға 102 телефоны бойынша хабарлауын сұраймыз", делінген ІІМ хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу