Павлодар облысында картоп өсірушілер жаңа әдістің арқасында мол өнім алды

1510

Павлодар облысында картоп өсірушілер жаңа әдістің арқасында мол өнім алды

Ертіс өңірінің диқандары биыл енгізген цифрлық технологиялардың игілігін көруде, деп хабарлайды 24kz.

Павлодар облысы "екінші нан" атанған картоптың отаны саналады. Бұл көкөніс түрін өсіретін шаруашылықтардың көбі Ақтоғай ауданында шоғырланған. Механизатор Игорь Ночевка жоғары технологияны меңгеріп алған. Техниканың тілін тапқан маман комбайнның жүрісіне ғана жауапты, яғни операторлық қызмет атқарады. Қалған жұмысты жаңашыл дүние істейді. Бұл – ауыл шаруашылығы менеджментінің заманауи жүйесі. Қожалық қолдалықтағы техниканың барлығын GPS навигаторлармен жабдықталған.

 "Жүйенің көмегімен параметрлерді белгілейміз. Мәселен, трактордың жүру жолын жазамын. Кейін GPS навигатордың көмегімен өнім алынатын учаскелердің бойымен жүріп өтеміз. Осылайша біз қажет емес жерде жүреміз деп алаңдамаймыз, барлық жұмысты заманауи техника тыңдырады. Біз тек бақылаймыз", – дейді  механизатор Игорь Ночевка.

Ертіс өңірінің фермерлері биылдан бастап жер шаруашылығын нақты жоспарлау бағдардламасына көшкен. Пилоттық режимдегі жобаның арқасында шаруашылықтағы барлық өндірістік процестер оңтайландырылды. Мәселен, топырақты өңдеу барысында жұмсалатын гербицид, тыңайтқыштар мен минералдардың барынша үнемдеуге мүмкіндік бар. Цифрлық технологиялар өнімділікке де әсер етті. Биылғы жылы бұл шаруа қожалығы 860 гектарға картоп егіп, әр гектарынан 35 тоннадан өнім алуда. Шаруалар күзгі-жиын терімді кештеу бастады. Дегенмен цифрлық технологиялардың арқасында науқан уақытында аяқталатынына сенімді.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу