Әлеуметтік дүкендегі көкөніс бағасы тұрақты бақыланады

892

Әлеуметтік дүкендегі көкөніс бағасы тұрақты бақыланады

Павлодар өңірінде 2017-2018 жылдары қысқы-көктемгі кезеңде әлеуметтік дүкендерді өніммен қамтамасыз ету бойынша қол қойылған меморандум шеңберінде бағалар қайта қарастырылды. Бұл жөнінде облыс әкімінің орынбасары Бауыржан Қасеновтың төрағалығымен өткен жиында белгілі болды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Ораз Дүзденбаевтың ақпаратына сүйенсек, қол қойылған меморандумға сайкес көкөніс сақтау қоймаларынан қазан айынан келер жылдың 1-ақпанына дейін картоп пен пиязды босату құны келісіне 70 теңге болса, 1-ақпаннан 31-наурызға дейін 80 теңге болып бекітілді. Ал, бөлшек саудада 15 теңгеге қымбат саудаланады. Әлеуметтік дүкендерде тауар бағасының босату құнына 5 теңге үстеме қосылады.

Облыстық кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы басшысының орынбасары Оксана Давыденко атап өткендей, әлеуметтік дүкен сөрелеріндегі бұл өнімдердің баға көрсеткіші қызыл түспен "әлеуметтік" деп жасалады. Баға әкімдікпен басқарма тарапынан күнделікті мониторинг жүргізіліп, бақылауда болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу