Павлодар облысында кәсіпорындар ауаны шектен тыс ластаған

205

Табиғат қорғау прокурорлары жыл басынан 1015 заңбұзушылықты анықтап, 900 млн теңгеге жуық айыппұл салды.  

Павлодар облысында кәсіпорындар ауаны шектен тыс ластаған Фото: metalmininginfo.kz

Биыл Ақсу қаласындағы Ақсу ферроқорытпа зауыты белгіленген нормадан тыс шығарындылары үшін 855 млн теңге айыппұл төлеген, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Кәсіпкерлік субъектілері жіберетін негізгі әрі елеулі құқықбұзушылықтардың бірі – эмиссиялардың белгіленген лимиттерден асып кетуі.

"Соңғы 2 жылда Павлодар облысында өнеркәсіптік қалдықтарды көмуге қатысты экологиялық заңнаманы бұзудың бірнеше жағдайы тіркелді. Мұндай құқықбұзушылықтар жиі кездеспейді. Дейтұрғанмен аталған қызмет түрімен айналысатын бизнес субъектілерінің мәселесі қоғамда кеңінен талқыланып келеді", – деп хабарлады өңірлік мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының баспасөз қызметі.

Табиғат қорғау прокурорлары саладағы тиісті заңнаманы бұзудың ең кең таралған түрлері – аң аулау және балық аулау қағидаларын бұзу екенін айтады.

Мысалы, биыл 1015 құқықбұзушылықтың 612 жағдайы аңшылық пен балық аулауға қатысты тіркелген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу