Павлодар облысында қатты жел мәдениет үйінің шатырын жұлып әкетті

421

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.  

Павлодар облысында қатты жел мәдениет үйінің шатырын жұлып әкетті Фото: Павлодар облысы ТЖД

Ақсу ауылдық аймағында қатты жел мәдениет үйінің шатырын жұлып әкетті, деп хабарлайды

Облыстық ТД баспасөз қызметінің мәліметінше, 9 маусым күні сағат 12.00-де 8 маусым күні сағат 19:45 шамасында Жолқұдық ауылында Центральная көшесі, 1 а мекенжайы бойынша қатты желден бір қабатты мәдени-демалыс орталығының  шатыры жартылай бұзылғандығы туралы хабарлама түскен.

"Жылдамдығы 17 м/с дейін құраған желдің салдарынан Ақсу қалалық әкімшілігінің қарамағындағы ғимараттың 150 шаршы метр алаңда шатыры ұшып кеткен", – дейді департаментте. 

Келтірілген шығын көлемі алдын ала тексеруден және бағалаудан кейін анықталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу