Екібастұзда 36 жастағы дәнекерлеуші жігіт 20 метрден асатын биіктіктен құлап, көз жұмды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәлітемінше, оқиға 25 наурызда түнгі сағат 23:00-де болған.
"Дәнекерлеуші қазандық құбырын жөндеу кезінде 74 метр биіктіктен 51 метр биіктікке құлаған. Жарақат салдарынан ол оқиға орнында көз жұмды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Жұмысшы 36 жаста болған", - деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ сол түні Павлодарда тағы бір өндірістегі цехта жазатайым оқиға тіркелді. 45 жастағы дәнекерлеушінің басына бетон плитасының металл ұстағышы құлаған. Жұмысшы ауруханаға жеткізілді.
25 наурызда түнде Павлодардағы сауда үйлердің бірінде 28 жастағы жұмысшы ғимаратты әрлеу кезінде баспалдақтан құлаған. Ол ауруханаға жатқызылған.