Павлодар облысында "Қазпошта" филиалы басшысының орынбасары ұсталды

481

Павлодар облысы бойынша "Қазпошта" филиалы басшысының орынбасары пара алды және бопсалады деген күдікке ілінді. Сот санкциясымен ол қамауға алынды деп хабарлады inbusiness.kz "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.  

Павлодар облысында "Қазпошта" филиалы басшысының орынбасары ұсталды Фото: turkystan.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің дерегінше, ол орындалған жұмыс актілеріне қол қойғаны үшін мердігер ұйым өкілдерінен екі миллион теңге сұраған.

Аталған фактіні пошта операторының ішкі қауіпсіздік қызметінің көмегімен анықтаған.

Қазіргі таңда ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалған. Күдіктінің кінәлі не кінәсіз екенін сот анықтайтын болады.

"Ол орындалған жұмыс актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін кәсіпкерді екі миллион теңге пара беруге мәжбүрлеген. Күні кеше ол сот санкциясымен қамауға алынды", – деп хабарлады Павлодар облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаменттің жетекшісі Дархан Құрақбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу