2016 жылғы қаңтар-қарашада облыстағы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1227,6 млрд теңгені құрады, бұл 2015 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 1,2%-ға жоғары.
Облыстың статистика департаменті хабарлағандай, 2015 жылғы қаңтар-қарашасымен салыстырғанда кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда 46,1%-ға, суды жинау, өңдеу және тарату – 2,3%-ға, кәріз жүйесінде 1,3%-ға өндіріс көлемі өсті.
Өңдеу өнеркәсібінде көлемнің 1,9%-ға, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптау – 2,2%-ға, қалдықтарды жинау, өңдеу және жою; қалдықтарды залалсыздандыру 1,6%-ға төмендеген.
Сондай-ақ, тамақ өнімдерін өндіру, металлургия өнеркәсібі, машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдарын жасау арта түсті. Мұнай өңдеу, химиялық өнеркәсіп, өзге металл емес минералдық өнімдер, машина жасау, электр энергиясын өндіру, беру және бөлу, көмір және лигнит өндіру көлемінің азайғандығы байқалды.