Павлодар облысында көлік таудан құлап кетті

458

Қылмыстық іс қозғалды.

Павлодар облысында көлік таудан құлап кетті Фото: Бейнежазбадан

Павлодар облысында көлік кюветке аударылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиға 16 шілде күні болған. 

Жасыбай демалыс аймағында "Hyundai Tucson" көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, салдарынан көлік кюветке аударылып кетті. 5 адам түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізіліп, көлік арнайы тұраққа қойылды.

Зардап шеккендердің жағдайы тұрақты. Қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу