Павлодар облысында көпбалалы отбасылардың балалары қоғамдық көлікте тегін жүреді

637

Павлодар облысында 3800-ден астам көпбалалы отбасы бар.

Павлодар облысында көпбалалы отбасылардың балалары қоғамдық көлікте тегін жүреді

Павлодарда көпбалалы отбасылардың балалары мектеп бітіргенге дейін қоғамдық көліктерде тегін жүреді. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Мейрам Бегентаев мәлім етті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

"Көп балалы және аз қамтамасыз етілген отбасылардың балалары үшін және ата-анасының біреуіне қалалық көлікте жүру ақысы тегін болады. Біз көліктік тасымалдау ұйымдарымен байланысқа шықтық. Олар біздің сұраныспен келісіп отыр. Бұл жеңілдік өңіріміздің барлық қалаларында жасалады", – деді Мейрам Бегентаев.

Бұл қалай жүзеге асырылатындығына Павлодар қаласы әкімінің орынбасары Саян Мұқанов тоқталып өтті.

"Қазіргі кезде балалардың қоғамдық көлікте жүрулеріне байланысты бірнеше жеңілдік жасалып жүр. 7 жасқа дейінгі балалар тегін, 15 жасқа дейінгілер 50 пайыздық жеңілдікпен қоғамдық көліктерде қатынай алады. Енді біз ТҮКШ бөлімі арқылы тасымалдаушыларға қалған 50 пайыздың құнын субсидиялаймыз. Көпбалалы және аз қамтамасыз етілген отбасылардың балалары мектеп бітіргенге дейін қоғамдық көліктерде тегін жүретін болады. Аталған бөлім тасымалдаушылармен жұмысты реттейді. Ал, білім бөлімі бұл көмекке жүгінетін отбасылардың тізімін жасап, жол жүру билеттерін таратумен айналысады", – деді Саян Мұқанов.  

Еске салайық, Павлодар облысында 3800-ден астам көпбалалы отбасы бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу