Павлодар облысында көпбалалы отбасыларға қайтарымсыз грант беріледі

1254

Өткен жылы бұл қаражат тек қана құрал-жабдықтар сатып алуға жұмсалған болса, биылғы жылы құс пен мал алуға болады.

Павлодар облысында көпбалалы отбасыларға қайтарымсыз грант беріледі

Павлодар өңірінде "Енбек" нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында жеке кәсібін ашқысы келетін көпбалалы отбасылар үшін 200 АЕК-ке дейін қайтарымсыз грант беріледі. Бұл туралы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Хелуа Қашкенова мәлім етті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
 
"29 жасқа дейінгі көпбалалы отбасыларға 200 АЕК, 29 жастан асқан жағдайда 100 АЕК көлемінде грант ұсынылады. Биыл 623 адамға 100 АЕК-тен беру жоспарланған. Алайда, Жастар жылы аясында республикалық бюджетке қосымша шамамен 300 адамға грант бөлу үшін өтініш берілді. Сондықтан 2019 жылы 978 адам грантқа қол жеткізе алады. 29 жасқа дейінгі жастарға 200 АЕК, 29 жастан асқан жандарға 100 АЕК көлемінде қайтарымсыз қаржы ұсынылады. Өткен жылы бұл қаражат тек қана құрал-жабдықтар сатып алуға жұмсалған болса, биылғы жылы құс пен мал алуға болады", – дейді Хелуа Қашкенова.

Басқарма ұсынған мәліметке сүйенсек, үкімет республика деңгейінде бағдарламаға өзгеріс енгізген жағдайда, көпбалалы отбасылар 200 АЕК-ке дейін алуы мүмкін.  

"Өткен жылы бірінші рет күзден бастап бизнес идеясын жүзеге асыру үшін 100 АЕК көлемінде 790 адам грант алды. 2019 жылға грант беруге 157 миллион теңге қарастырылған болса, республикалық бюджеттен облыс бойынша 374 миллион 700 мың теңге бөлінді. Бұл көлемді қаржы. Ол үшін мемлекеттік бағдарламаның бірінші бағыты бойынша оқу керек немесе кәсіпкерлік негіздерін үйрену қажет", – дейді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу