Павлодар облысында қос азаматтығы бар тұрғын елден шығарылды

121

Қазақстан заңнамасына сәйкес, азаматтар бір мезгілде екі немесе одан да көп мемлекеттің азаматы бола алмайды.

Павлодар облысында қос азаматтығы бар тұрғын елден шығарылды Фото: gov.kz

2024 жылдың қорытындысы бойынша Павлодар өңірінде 1387 адам Қазақстан азаматтығынан айырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Олардың 1362-сі өз еркімен басқа елдің азаматтығын алғанын хабарлаған. Мәселен, полиция қызметкерлері 54 жастағы Қазақстан азаматының көрші елдің азаматтығы барын анықтады. Бұл дерек бойынша сот ісі қаралып, нәтижесінде Железин ауданының тұрғыны елден шығарылды. Сондай-ақ оған Қазақстанға бес жыл бойы кіруге тыйым салынды.

Павлодар қаласында тағы бір осындай құқық бұзушы анықталды. Ол АҚШ азаматтығын алғанын тиісті органдарға хабарламаған. Сот шешімімен ер адам кінәлі деп танылып, оған шамамен 800 мың теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Заң талаптарын бұзған әрбір азамат міндетті түрде жауапкершілікке тартылады. Қазақстанда құқықтық тәртіпті сақтау және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – ішкі істер органдарының басты міндеті. Қос азаматтыққа жол бергендер заң алдында жауап береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу