Павлодар облысында құрамында радон көздері бар көлдер анықталуда

2073

Жер қойнауынан 37 градус болып шығатын судың адам ағзасына берер пайдасы мол. Түрлі бөртпелер мен қышыма ауруларға, буын, созылмалы, қан қысымының көтерілуін емдейді.

Павлодар облысында құрамында радон көздері бар көлдер анықталуда

Павлодар облысында туризм саласы үшін радон көздерін пайдалану көзделіп отыр. Бұл туралы облыстық әкімдікте өткен кеңейтілген аппараттық жиында өңірлік кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасының басшысы Дастан  Рыспеков мәлім етті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

"Туризм саласы үшін серпін беретін тың жобалардың бірі – радон көздері. Осы жоба аясында қалалар мен аудандардың әкімдіктеріне ыстық көздердің бар-жоғын анықтау бойынша хат жолданған. Нәтижесінде Железин ауданының Михайловск ауылындағы Шалдауық көлінде және Успен ауданының Темирязево ауылында бар болып шықты",– дейді Дастан  Рыспеков.

Басқарма басшысы Железин ауданында өздігінен ағып жатқан ұңғыма ауданның әділет басқармасында 2018 жылы 31 желтоқсанда иесіз ретінде тіркелгенін атап өтті.

"Бұл көл географиялық картада көрсетілмеген. Бір жыл өткеннен кейін меншік иесі жоқ деп тану үшін құжаттар сотқа жіберіледі. Бұл көздер емдік-сауықтыру туризмі үшін жаңа бағыт болады. Осы бағытта орынды анықтау, көлдің температурасы мен емдік қасиеті туралы ақпарат жинау,  зерттеу жүргізу бойынша жұмыс жоспарланып отыр", – дейді Дастан  Рыспеков.

Айта кетерлігі, жер қойнауынан 37 градус болып шығатын судың адам ағзасына берер пайдасы мол. Түрлі бөртпелер мен қышыма ауруларға, буын, созылмалы, қан қысымының көтерілуін емдейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу