Павлодар облысында күзет ұйымының директорына шабуыл жасалды

219

Күдіктілер пәтерге заңсыз кіріп, жалпы сомасы 11 млн теңгеден астам мүлікті иемденген.

Павлодар облысында күзет ұйымының директорына шабуыл жасалды Фото: polisia.kz

Павлодар облысының жедел қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Екібастұз қаласында өңірдің ірі күзет ұйымдарының бірінің директорына қарақшылық шабуыл жасады деген күдіктілерді анықтап, ұстады, деп жазады inbusiness.kz сайты polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

"Тінту жүргізу барысында заттай дәлелдемелер алынды. Қазіргі уақытта одан әрі жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Бірқатар сараптамалар тағайындалды. Күдіктілер УҚИ-ге қамалды. Қылмыстық істі тергеу жалғасуда", – деді Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Ғабит Қабдрахманов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу