Павлодар облысында қылмыс жасаған қырғыз азаматы елден шығарылды

158

Ол балаларының тәрбиесін бей-жай қалдырған. 

Павлодар облысында қылмыс жасаған қырғыз азаматы елден шығарылды Фото: chinatoday.ru

Павлодар қалалық сотында ҚР заңнамасын бұзғаны үшін шетел азаматын елдің шегінен тыс шығару туралы азаматтық іс қаралды, деп хабарлады inbusiness.kz сайты Pavlodarnews.kz-ке сітеме жасап.

Іс бойынша, ер адам Қырғыз Республикасының азаматы бола тұра, Қазақстанның аумағында тұрып, еліміздің заңнамасын бұзғаны, атап айтқанда, адам денсаулығына ауыр зиян келтіріп, қылмыстық құқық бұзушылық жасап, ҚР Конституциясы мен заңнамасын бұзғаны анықталды. 

Істі қарау кезінде ер адамның 2022 жылы әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын және оның Қазақстан Республикасының аумағында мүлкі жоқ екенін анықтады.

Сот шетел азаматтың кәмелетке толмаған балаларының Қазақстан Республикасының аумағында тұруына байланысты арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы қарсылықтарын ескермеді. Бұрынғы жұбайының сөзінше, ол балаларға көмектеспей, тәрбиесіне қатыспаған. 

– Сот жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, Павлодар қаласы полиция басқармасының Қырғыз Республикасының азаматын Қазақстан Республикасының аумағынан шығару туралы арызын қанағаттандырды, оның шығу мерзімін белгіледі, – деді Павлодар қалалық сотының баспасөз қызметінде. 

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу