Екібастұздың Шідерті кентіндегі 70 пайызға дейін қайта жабдықталған "Alef trade" ЖШС кәсіпорыны алдағы қыста қысқы дизель отынын нарыққа шығаруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Екібастұз өңіріне жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Болат Бақауов аталған кәсіпорынның жұмысымен танысты. Аталмыш серіктестіктің бас директоры Қайырлы Ғалиевтің сөзінше, зауытты осы жылдың қазан айында іске қосу жоспарлануда.
- Зауыт 70 пайызға дейін қайта жабдықталды. Инженерлік коммуникацияларды тарту мәселесі бойынша жергілікті билікке ешқандай сұрағымыз жоқ,- дейді компания басшысы.
Еске сала кетейік, Павлодар облысында қысқы дизель отыны шығарылатыны жөнінде осы жылдың наурыз айында белгілі болған еді. Жоба құны - 1,7 млрд. теңгені құрайды. Қуаттылығы жылына 30 мың тонна өнім шығаруға қауқарлы. Қазіргі таңда Қазақстандағы мұнай өңдеу зауыттары жергілікті нарықты жоғары сапалы дизель отынымен қамтамасыз етуге қауқарсыз,