Оқиға кеше, 8 маусымда Павлодар ауданы маңында болған, деп хабарлайды inbusiness.kz Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
"Осы жағдай туралы сағат 20:12-де хабарлама келіп түсті. Онда Павлодар ауданының маңында Жертұмсық ауылынан 28 шақырым жерде жүк көлігінің жанып кеткені айтылды. Көлікке қағаз қалдықтары тиелгені белгілі болды", - делінген хабарламада.
Құрбандар мен қаза тапқандар жоқ. Жүргізушіге медициналық көмекті қажет болмады.
Оқиға орнына ТЖ департаментінен 4 қызметкер мен бір техника жұмылдырылды.
Өрттің шығу себебі мен шығыны анықталуда.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу