Павлодар облысында мал шаруашылығын субсидиялауға 6,5 млрд теңге бөлінеді

1146

Бұл былтырғы сомадан 5 млрд теңгеге көп. 

Павлодар облысында мал шаруашылығын субсидиялауға 6,5 млрд теңге бөлінеді

Өткен жылы Павлодар облысының шаруалары малды қыстаққа қою, оларды жем-шөппен қамту ісіне тыңғылықты дайындалды. Соның нәтижесінде әзірше еш қиындық жоқ, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Былтыр өңірде шөптің бір жарым жылдық қоры дайындалған болатын.

Атап айтқанда, шаруалар 1 058 тонна мал азығын жинады. Шөп шабу кезінде кедергілер туындамас үшін шаруаларға 4 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді. Оның бір литрі нарықтағы бағадан 15-20%-ға төмен, яғни 164 теңгеден сатылды. Сонымен қатар облыстық бюджеттен жем-шөпті субсидиялау үшін 1,5 млрд теңге қарастырылды.

"Жалпы өңірде 1 018 шалғайдағы мал шаруашылығы учаскелері бар. Олардың 457-сінде төрт түлік қыстайды. Мал қыстауының жұмыстары басқарманың жіті бақылауында", – дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрболат Мақашев.

Сондай-ақ ол биыл мал шаруашылығын субсидиялауға 6,5 млрд теңге көзделіп отырғанын айтты.

Ажар Дәулетова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу