Павлодар облысында МӘМС қорына түскен қаржы 400 млн теңгеге көбейді

959

Павлодарлықтар мамыр айының соңына дейін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 8,1 млрд теңге аударған. Бұл сәуір айымен салыстырғанда 400 млн теңгеге артық.

Павлодар облысында МӘМС қорына түскен қаржы 400 млн теңгеге көбейді

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Павлодар облыстық филиалының хабарлауынша, қорға барлығы 176,7 млрд теңге түскен. Оның 167,9 млрд теңгесін жұмыс берушілер, 8,8 млрд теңгесін жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін санат аударған.

"Облыстар арасында жарна төлеу бойынша әдеттегідей Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары мен Қарағанды облысы көш бастап тұр. Ал облыс бойынша Павлодар қаласы (62,3 пайыз), Баянауыл (2,6 пайыз), Шарбақты (1,3 пайыз) және Павлодар (1,3 пайыз) аудандары үздіктер қатарында", – делінген ресми хабарламада.

Еске сала кетейік, 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін жұмыс берушілер өз жұмыскерлері үшін қаржы аударады. Төлем қызметкер кірісінің 1,5 пайызын құрайды. Жиналған қаржы Ұлттық банкте сақталады. Қаржы 2020 жылы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде медициналық қызметтер пакетін қаржыландыруға бағытталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу