Павлодар облысында мас күйінде көлік жүргізген шетелдік жазаланды

544

Ол ауылға қонаққа келген

Павлодар облысында мас күйінде көлік жүргізген шетелдік жазаланды

Павлодар облысында мас күйде көлік басқарған Германия азаматы жүргізуші куәлігінен айырылды.

Павлодар облысының аумағында тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда қылмыстың алдын алу, жолын кесу үшін "Құқықтық тәртіп" жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді. Нәтижесінде полицейлер 1 мың 224 құқықбұзушылықты анықтады. Оның ішінде құқықтық тәртіп сақшылары мас күйінде көлік жүргізудің 19 дерегінің жолын кесті.

Мысалы, түнгі патрульдеу барысында Тереңкөл ауылында тұруға ықтиярхаты бар Германия азаматы мінген Lexus RX 300 көлігін тоқтатты. Ол Тереңкөл ауылына қонаққа келіп, медициналық куәландыру нәтижелері бойынша "орта дәрежелі" мас күйінде көлік жүргізген. Осы факті бойынша ұсталған адамға қатысты ӘҚБтК 608-бабының 1-бөлігімен әкімшілік іс қозғалды. Аудандық соттың шешімімен құқық бұзушыға 15 тәулік мерзімге қамауға алу және 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды, – деді жергілікті полиция қызметінің бастығы Берік Қаткенов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу