Павлодар облысында медбикеге тіл тигізген тұрғын қамалды

1416

Сотта ер адам өзінің кінәсін мойындап, зардап шеккен медициналық қызметкерден кешірім сұрады, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы  Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.  

Павлодар облысында медбикеге тіл тигізген тұрғын қамалды

Бұл туралы Ертіс ауданының полиция бөлімшесінің бастығы Дәулет Молдабаев мәлімдеді.

"34 жастағы мас ер адам 22 жастағы медбикеге тіл тигізген. Медициналық қызметкерді қорлай отырып, ол айналасындағыларға құрметсіздік білдірді", - деді Дәулет Молдабаев.

Тәртіп бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 1-бөлімі 434-бабы бойынша әкімшілік өндіріс қозғалды. Ертіс аудандық соты ауыл тұрығынын айыпты деп танып, оны үш тәулікке әкімшілік қамауға алды.

Сот тағы бір Ертіс ауданының тұрығына 5 ӘЕК көлемінде айыппұл салды. 44 жастағы ер адам өзінің 58 жастағы ауылдасына тіл тигізген. Облыстық полиция департаментінде ұқсас құқық бұзушылықтар жасағаны үшін 741 адам әкімшілік жауапқа тартылғанын хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу