Павлодар облысында медициналық қызметті төлеу департаментінің басшылары парамен ұсталды

800

Павлодар облысында медициналық қызметті төлеу департаментінің басшылары парамен ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Павлодар облысы бойынша департаменті ҚР ДСӘДМ Медициналық қызметті төлеу комитетінің облыс бойынша департаментінің басшысы Д. Қазанғапов пен оның орынбасары Н. Аханаеваны ұстады, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

"Лауазымды тұлғалардың тегін медициналық көмек кепілді көлемін көрсетуге шарттарға кедергісіз қол қойып және жалпы  қамқорлық жасағаны үшін медциналық мекеме басшыларынан жүйелі түрде пара алғаны анықталды", делінген департамент таратқан хабарламада.

Сонымен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Екібастұз қаласы №2 емханасының бас дәрігері Қабылтаевтан, №3 емхана бас дәрігері Сәкеновадан және басқалардан 200 000 теңгеден астам пара алу кезінде Д. Қазанғапов пен Н. Аханаеваны ұстады. Қазір Д. Қазанғапов, Н.Аханаева, С. Қабылтаев, Қ. Сәкенова Павлодар қаласы УҰИ қамалды. Тергеу жүріп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу