Павлодар облысында мемлекеттік қызметшілерге сыйлық сыйлаған азаматтарға жазаланды

937

Павлодар облысында мемлекеттік қызметшілерге сыйлық сыйлаған азаматтарға жазаланды

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде өткен брифинг барысында Павлодар облысы бойынша аймақтық департамент басшысының м.а. Тыныштық Жүсіпов айтып өтті, деп хабардайды 24Хабар.

"Павлодар облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен бірлесіп атқарылған жұмыстардың нәтижесінде ағымдағы жылы жеке тұлғалардың лауазымды тұлғаларға заңсыз материалдық сыйақы беру фактісі бойынша 3 факт және мемлекеттік қызметшілердің заңсыз материалды сыйлық алуы бойынша 2 факт анықталды", - деп атап өтті Тыныштық Жүсіпов.

Аталмыш істер бойынша әкімшілік іс қозғалды және Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды. Мемлекеттік қызметшілерге сыйлық ұсынған үш кінәлі тұлғаның әрқайсысына 1361400 теңгені құрайтын 200 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Сыйлық алған мемлекеттік қызметші әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 600 АЕК, яғни 1361400 теңге көлемінде айыппұл төлеуге тиіс. Тағы бір мемлекеттік қызметшінің сыйлық алуы бойынша дәл сондай іс қазіргі уақытта сотта қаралу үстінде. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу