Павлодар облысында мемлекеттік шекараны кесіп өтетіндерге қолайлы жағдай жасалады

879

Павлодар облысында мемлекеттік шекараны кесіп өтетіндерге қолайлы жағдай жасалады

Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов Қазақстан-Ресей шекарасын кесіп өту кезінде тұрғындардың бірнеше сағат күтіп тұрмауы үшін қолайлы жағдай жасауды тапсырды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл жөнінде аймақ басшысы Железин ауданындағы жұмыс сапары барысында айтты.

"Шекарада айыппұл төлейтін терминалдарды қарастыру керек. Мәселен, айыппұлы бар адам бұл жайлы мүлдем білместен көрші елге бармақ болады. Алайда оны ол жаққа жібермей қояды. Сол кезде өзінің қарызын терминал арқылы төлеуге болады", – деді облыс әкімі "Үрлітөбе" шекараны бақылау бөлімінде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу