Павлодар облысында мешітте ұрлық жасаған күдікті ұсталды

1191

Ол оңай жолмен ақша таппақ болған.

Павлодар облысында мешітте ұрлық жасаған күдікті ұсталды

Павлодар облысында 47 жастағы ауыл тұрғыны мешіттен ақша ұрлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Pavlodarnews.kz мәліметінше, Шарбақты ауданы полиция бөліміне мешіттегі қайырымдылық жәшігінен ақша ұрланғаны туралы арыз түскен.

"Бұл дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 187-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиға орнына жедел тергеу тобы жіберілді. Криминалист тексеру барысында саусақ іздерін анықтады", – деп хабарлады Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Деректер автоматтандырылған іздеу жүйесіне енгізіліп, картотека бойынша сәйкестік табылды. Саусақ іздері 47 жастағы ауыл тұрғынына тиесілі екені анықталды.

Жедел уәкілдер оңай жолмен пайда тапқысы келген күдіктіні ұстады. Тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу