Павлодар облысында өнеркәсіп өндірісінің көлемі артып келеді

2134

Павлодар облысында өнеркәсіп өндірісінің көлемі артып келеді

Үстіміздегі жылдың алғашқы 9 айында облыстағы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 969,9 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылдың осы кезеңіне қарағанда 1,2%-ға жоғары.

2015 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу 46,5%-ға, кәріз жүйесінде 1,2%-ға өндіріс көлемі өсті. Өңдеу өнеркәсібі көлемнің 4%-ға, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптау 5%-ға, суды жинау, өңдеу және бөлу ісінің 0,7%-ға, қалдықтарды жинау, өңдеу және жою жұмыстарының (қалдықтарды кәдеге жаратуда) 0,4%-ға төмендегені байқалды. Сондай-ақ, металлургия өнеркәсібі, машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдарын жасау саласы арта түсті. Тамақ өнімдерін өндіру, мұнай өңдеу, химиялық өнеркәсіп, өзге металл емес минералдық өнімдер, машина жасау, электр энергиясын өндіру, беру және бөлу, көмір және лигнит өндіру көлемінің азайғандығы байқалды. Талдап көрсетер болсақ, кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу 131 537,1 теңге, өңдеу өнеркәсібі 660 296,0 теңге, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау 169 696,9 теңге, сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау 8 345,8 теңгені құрап, өнеркәсіп бойынша жалпы көлемі 969 875,8 теңгеге жеткен.
Рavlodarnews.kz

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу