Павлодар облысында орман өртінен болған шығын есептелді

2194

Шығын көлемі 2 млн теңгеден асып жығылады.

Павлодар облысында орман өртінен болған шығын есептелді

Биыл Павлодар облысында өрт маусымы жылдағыдан ерте басталды. Күн ысымай жатып дала өртінің жиілеген. Сәуір айы бойы барлығы 350 гектар жайылымдық жер отқа оранды. Оның тең жартысы – орман алқабы. Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық инспекциясы жүргізген есептеулерге сәйкес, шығын 2 млн теңгеден астам соманы құрады.

"Өрт болған аумақтарды периметр және контур бойымен жүріп өттік. Су жайылуы салдарынан өртенген кейбір жерлерге бару мүмкіндігі болған жоқ, сондықтан деректерді жерсеріктер арқылы алуға тура келді. Қызыл жалын шарпыған ағаштар бойынша жиналған мәліметтерге сүйенсек, шығын 2 млн теңгеге бағаланды. Қазіргі уақытта барлық материал кінәлілерді анықтау үшін полицияға жіберілді. Бірақ, әзірше ешкім жауапқа тартылған жоқ", – дейді орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық инспекциясының бөлім басшысы Фархат Сыздықов.

Жануарлар өліміне қатысты мәлімет те расталмапты. Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін әлеуметтік желілерде жанып кеткен қаз, үйрек, қоян мен кірпілердің суреттері тарап кеткен еді. Ал аумақтық инспекция қызметкерлері мұндай жағдайдың орын алғанын жоққа шығарып отыр.

Ақтоты Қабдықайыр

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу