Павлодар облысында ормандарға бақылау камералары орнатылады

450

Мұндай камералар орман өртінің алдын алу мақсатында қойылмақ, деп жазады inbusiness.kz @Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап. 

Павлодар облысында ормандарға бақылау камералары орнатылады Фото: ӨКҚ

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында Павлодар облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Руслан Тулепбаев мәлім етті.

–  Биыл өртті ерте анықтау үшін Шарбақты ауданындағы "Ертіс орманы" орман резерватының аумағында смарт-камера деп аталатын оптикалық сенсорлық және тепловизор қондырғыларын енгізу жоспарланған. 30 метр биіктікте орналастырылатын бұл камералар 360 градусқа дейін айнала алады және тәулік бойы жұмыс істейді, – деді Руслан Тулепбаев.

Оның сөзінше, мұндай камералар тұтану көздерін автоматты түрде анықтауға, олардың пайда болу орындарын анықтауға, қажетті техника мен күшті жеткізуде ыңғайлы маршруттарды құруға мүмкіндік береді.

–  Республикалық бюджеттен орман өртін ерте анықтау жүйесін орнатуға – 2,4 млрд теңге, Баянауыл ұлттық табиғи паркінің қорықтарын материалдық-техникалық жарақтандыруға 1,5 млрд бөлінген, – дейді спикер.

Айта кетейік,  сонымен қатар облыс әкімдігінің қарамағындағы үш орман мекемесін материалдық-техникалық жарақтандыруға облыстық бюджеттен шамамен 330 млн теңге бөлінген. Бұл –   Павлодар, Үрлітүп, Максим Горький атындағы орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу