Павлодар облысында өрт сөндіргіштің газынан уланған алты оқушы ауруханаға жеткізілді

890

Павлодар облысында өрт сөндіргіштің газынан уланған алты оқушы ауруханаға жеткізілді

Павлодар облысының Ақсу қаласындағы орта мектептің алты оқушысы өрт сөндіргіштен газ шығуы салдарынан сенбі күні жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Білім беру мекемесінің басшысы Гүлайым Ережепованың айтуынша, әзірге балалардың нақты қандай әрекет жасағаны белгісіз. Қазіргі таңда мектепте тексеру жүргізілуде. Дегенмен жасөспірімдердің айтуынша, үзіліс кезінде 10-сыныпта оқитын оқушылардың бірі өрт сөндіргіштен дыбыс шыққанын көріп, оны орнынан қозғаған.

"Бұл жағдайды оқушылар мұғалімнен жасырған. Ұстаз сабаққа келген кезде ешбір иіс болмаған. Нәтижесінде сабақ үстінде олардың екеуінің басы ауырып, біраз уақыт өткеннен кейін алты қыз денсаулығына шағымданып, медбикеге жүгінген. Бірден жедел жәрдем шақырып, оларды ауруханаға жібердік. Алайда балалар сол күні кешкісін өздерін жақсы сезінді, жағдайлары бірқалыпты. Бүгін сабаққа қатысады.  Бұл сыныпта барлығы 22 бала оқиды. Олардың төртеуі – ұл бала", – дейді  мектеп директоры.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу