ТЖМ өрт сөндірушілері кезекші тәулік ішінде Алматы, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар облыстарында және Алматы қаласында тұрғын үй секторларында 9 өртті жойды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ведомствоның мәліметінше, өрт сөндірушілер 3 шаруашылық ғимаратында, 3 моншада және 3 жеке үйде өртті жойған.
Құтқарушылардың үйлесімді және жедел жұмысының арқасында барлық өрттер жойылды.
Ал Павлодар облысы Шарбақты ауданы Шалдай ауылындағы өртті сөндіру барысында 1984 жылы туған үй иесінің денесі табылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу