Павлодар облысында өрттен 11 жасар бала қайтыс болды

400

Жасөспірім өлімінің себебі анықталатын болады. 

Павлодар облысында өрттен 11 жасар бала қайтыс болды Фото: inbusiness.kz

Павлодар облысының Галицкое ауылында үй өртеніп, бір бала көз жұмды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Өрт 11 мамырға қараған түні басталған. Хабарлама 101 пультіне 02:00-03:00 аралығында түсті.  Өрттің жалпы аумағы 250 шаршы метрді құрады. Үйден өз бетінше 4 адам эвакуацияланды.

37 жастағы үй иесі Павлодар қалалық ауруханасына жатқызылды.

Өрт сағат 04:40-та сөндірілді. Бір сағаттан кейін үй конструкцияларын бөлшектеу және су құю кезінде  дәлізден жасөспірімнің денесі табылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу