Павлодар облысында өрттен тағы бір бала көз жұмды

Қайғылы жайт облыс орталығында орын алды.  

Павлодар облысында өрттен тағы бір бала көз жұмды Фото: baq.kz

Сейсенбіден сәрсенбіге қараған түні, сағат 01:03-те Павлодар қаласындағы Алтайская көшесі, 9/2 мекенжайындағы жекеменшік үйден өрт шығып, қызыл шалын 150 шаршы метр аумақты шарпыды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, 5 бөлмелі пәтер толығымен жанып, төбесі құлаған. 2 бөлмелі пәтердің қабырғасы отқа оранып, шатырдың ағаш құрылымдары жартылай қираған. 

"Өрт сөндіру барысында 5 бөлмелі пәтерден 2016 жылы туған ұл баланың денесі табылды. Сондай-ақ, өрттен зардап шеккен 1983 жылғы әйел адам қалалық ауруханаға және үй иесі - 1962 жылғы әйел адам облыстық ауруханаға жатқызылды. Ал 1985 жылғы ер адам дәрігерлердің тексеруінен соң үйге қайтарылды", - деп хабарлады төтенше қызмет департаменті. 

Өрт сағат 03:01-де толығымен ауыздықталды. Қазіргі уақытта оның шығу себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталуда. Қызыл жалынмен күреске юға 40 өрт сөндіруші мен 9 өрт техникасы, апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері жұмылдырылды.

Өкінішке қарай, бұл – соңғы апталардағы жалғыз жағдай емес. Бұған дейін Тереңкөл ауданындағы өрттен екі адам қаза тапқанын хабарлаған едік. Оның бірі – бала. Сонымен қатар,облыс орталығында жер үйдегі өрттен бір жасар бала көз жұмды. 

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу