Павлодар облысында өсірілетін бидай сұрыптарының 40 пайызы жергілікті ғылыми-зерттеу институтта шығарылған

1464

Павлодар облысында өсірілетін бидай сұрыптарының 40 пайызы жергілікті ғылыми-зерттеу институтта шығарылған

Павлодар облысында өсірілетін бидай сорттарының 40 пайызы Красноармейка ауылындағы Павлодар ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында шығарылған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы Павлодар ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының директоры Рахым Ермұратов агенттік тілшісіне берген сұхбатында мәлім етті.

Еліміз алғаш Тәуелсіздігін алған 1991 жылдары біздің облыста астық сорттарының бір-екі пайызы ғана өсірілетін. Ал, былтыр осы көрсеткішті 35 пайызға жеткіздік. Мақсатымыз – 2021 жылға дейін көрсеткішті 70 пайызға көтеру. Яғни, жергілікті селекционерлердің әлеуетін арттыруымыз керек. Соңғы бір-екі жылдың дересінде шығарылған сорттардың қатарында "Ертіс-7", "Самғау", "Кондитерская яровая", "Павлодарсий юбилей" сияқты бидай түрлері бар. Бұлар біздің өңірдің ауа райына әбден лайықталып аудандастырылған. Яғни, басқа сорттардан қарағанда ерте піседі де, қуаңшылыққа төзімді келеді. Сонымен қатар, тез шіріп кетпейді, - дейді Рахым Ермұратов. 

Маманның айтуынша, біздің дихандар пайдаланып отырған бидай сорттарының 60 пайызы - Қазақстанның басқа облыстары мен Ресей селекционерлерінің өнімі. Жалпы, бидайдың бір сортын шығару үшін ғалымдар 10-15 жыл тер төгеді. Екі-үш қайтара тәжірибе жүзінде өсіргеннен кейін мемлекеттік сараптамадан өтіп, оған рұқсат беріледі. Сонда ғана астық алқабына себіледі. 

Айта кетейік, Павлодар ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында пайда болған бидай тұқымдары бүгінде Қарағанды, Ақмола, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан облыстарының астық алқаптарында егілуде. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу