Павлодар облысында өсірілген қант қызылшасы Ресейге экспортталады

1007

Павлодар облысында өсірілген қант қызылшасы Ресейге экспортталады

Павлодарлық шаруалар биыл күзде Ресейге қант қызылшасын экспорттауды жоспарлап отыр, деп xабарлайды pavlodarnews.kz.

Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Ораз Дүзденбаевтың сөзінше, қант қызылшасын өсіруді Ақсу қаласындағы "Сергей" шаруа қожалығы 2016 жылы қолға алған.

"Мұнда қызылшаға арналған егіс алқабы 90 мың гектарды құрайды. Өнім жаман болған жоқ. Сапасы да жоғары деңгейде. Сондықтан егістік алқабының көлемін үлкейтуді жоспарлап отыр. Биыл ауыл шаруашылығы өнімінің бұл түрін ақтоғайлық "Ақтоғай-Агро" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 200 гектарға егуді көздеп отыр. Сонымен қатар Лебяжі ауданының шаруа қожалықтары да өсімдіктің осы түрін егумен айналысуды жоспарлауда. Күзде өнімді қайта өңдеуге Ресей елінің Барнауыл қаласына және Павлов ауданына жібереміз. Өйткені ол жақта қант зауыттары жақсы жұмыс істейді, - дейді Ораз Дүзденбаев.

Басқарма басшысының айтуынша, Павлодар өңірінде қант зауытының жоқтығы шаруаларға қолбайлау болып отыр.

"Алған өнімді ақшаға айналдыру үшін еліміздің оңтүстік өңіріне яғни, Алматы, Жамбыл және Талдықорған қалаларындағы зауыттарға тасымалдауға тура келеді. Бірақ ол жақ алыс болғандықтан логистикалық тұрғыдан тиімсіз. Сондықтан кәсіпкерлер өнімді Ресейдің көршілес облыстарына жеткізуді жөн көреді", – дейді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу