Павлодар облысында пастереллез ауруының ошағы анықталды

1092

Ауылда ірі қара малды шығаруға шектеу қойылды.

Павлодар облысында пастереллез ауруының ошағы анықталды

Павлодар облысындағы Ольгинка ауылында бір бұзаудан пастеррелез ауруы анықталды. Бұл – тез таралатын әрі дер кезінде шаралар қолданбаса малдың қырылуына әкеп соғатын қауіпті індет, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Пастереллезді басқа түгілі мысықтың өзінен жұқтырып алуы мүмкін. Бұл ауру көбінесе үй құстары мен ірі қараны тез "жалмап" алады. Ал жылқылардың иммунитеті вирусқа төзімдірек келеді.

Бірақ Ольгинка ауылындағы бұзаудың індетті қайдан және қалай жұқтырып алғаны әзірше белгісіз.

"Ольгинка ауылының әкімдігі бірден шектеу шараларын қабылдады. Соған сәйкес, елдімекеннің аумағынан ірі қараны сыртқа шығаруға болмайды. Ал басқа ауылдардан әкелінген төрт түлік міндетті түрде бір айлық карантинге қойылады", - дейді Павлодар облыстық ветеринария басқармасының бөлім басшысы Бақытжан Әбдірахманов.

Қазіргі уақытта эпизоотияға қарсы республикалық жасақтың облыстық филиалы мамандары қорадағы малдарды вакциналап, дезинфекция жұмыстарын жүргізуде.

Ажар Дәулетова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу